Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Менеджеріме жекпе-жектер Әбу-Дабиде өтсе, қазанда дайын болатынымды айттым. Қазан-қарашада дайынмын”, – деді Асу “Вестнику ММА” басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Алмабаевтың кейінгі жекпе-жегі 15 маусымда Лас-Вегаста UFC on ESPN 58 турнирі аясында өткен еді. Сол кезде америкалық Хосе Джонсонды (16-9) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Асу Алмабаев Шавкаттың рекордын жаңартты
9