Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC аса жеңіл салмақ рейтингінің топ-15 қатарына кірді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Жаңа рейтингте “Зүлфикар” қытайлық Су Мудаержимен бірге 15-орында тұр. Осылайша, Асу UFC рейтингіне енген екінші қазақстандық атанды, бұған дейін Шавкат Рахмонов кірген еді.
Алмабаев UFC рейтингіне бір жылға жетпей еніп отыр – ол лигадағы дебютін былтыр тамызда өткізген еді. Бұл Қазақстан файтерлері арасында рекорд. Шавкатқа рейтингке кіру үшін 16 ай қажет болды – қазір “Номад” жартылай орта салмақта үшінші орында тұр.
5
One Response