Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысын Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды

Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

14 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді.

“Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне дәл қазіргі кезде Нұрлан Ақүрпеков лайық”, – деп жазды Бақтияр Артаев Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды. Сондай-ақ бапкер Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және т.б танымал боксшыларды жаттықтырған. Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ерлер құрамасынан 7 боксшы қатысты. Оның ішінде тек Нұрбек Оралбай финалға өтіп, күміс жүлде еншіледі.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *