Испания құрамасы мен “Барселона” клубының жартылай қорғаушысы Ламин Ямальдің әкесі Мунир Назрауи пышақ жарақатын алып, Бадалон қаласындағы ауруханаға түсті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
La Vanguardia мәліметінше, Матаро қаласында ер адам көлік тұрағында Назрауиді пышақтап кеткен. Жұлдызды футболшының әкесі шұғыл түрде Сан Рутидегі ауруханаға жеткізілген.
Футболшының әкесі Матаро қаласында көршілерімен ерегесіп қалған, көп ұзамай оның бірнеше пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.
Дереккөздер қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқтығын алға тартуда.
Желіде Ямальдің әкесі мен көршілері арасындағы кикілжіңнің видеосы тарады. Кадрдан полицияның Мунир Назрауиді алып кеткенін көруге болады.
Ламин Ямаль – “Барселона” түлегі. 17 жастағы аяқ доп шебері Испания және Еуропа чемпионы атақтарына қол жеткізіп үлгерді.
Ал Еуро-2024-те ол турнирдің ең үздік жас ойыншысы атанды.