ҚХЛ-да “Барыс”, “Локомотив” және “Металлург” сапындағы өнерімен танылған канадалық қақпашы Эдди Паскуале карьерасын италиялық клубта жалғастырады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
33 жастағы канадалық Австрия ашық чемпионатында ICE хоккей лигасында ойнайтын “Пустерталемен” бір жылдық келісімге қол қойды.
Паскуалье ҚХЛ-да 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, өткен маусымда “Барыс” сапында 36 ойын өткізді. 2020/21 маусымында Ярославльдік “Локомотив” құрамында лигадағы үздік қақпашы деп танылды, ал 2022 жылғы Олимпиадада канадалық өз ұлттық құрамасында екі матч өткізді.
45