Қазақстан құрамасы мен “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков маусымның соңына дейін ойнамайды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лига Кубогы топтық кезеңінің 3-турында “Таразға” қарсы ойында (3:0) жарақат алған «Қайрат» капитаны әрі жартылай қорғаушысы медициналық тексеруден өтті.
“Сары-қаралардың” 22 жастағы футболшысына тізе буынының айқыш байламын жарақаттау диагнозы қойылды.
Оған Германияда 1 тамызда ота жасалады.
8