Боксшы Асланбек Шымбергеновті жамбылдық жанкүйерлер күтіп алды

Париж Олимпиадасының қатысушысы Асланбек Шымбергеновті жамбылдық жанкүйерлер күтіп алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшы Асланбек Шымбергеновті әуежайдан Жамбыл облыстық спорт басқармасының өкілдері, спортшының жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды.

Жамбылдық жанкүйерлердің тарапынан қазақстандық боксшыға ерекше құрмет көрсетілді. Жиналған көпшілік былғары қолғап шебері Асланбек Шымбергеновтің болашақта талай биік белестерді бағындыратынына сенім білдіріп, қолдау көрсетті. Сондай-ақ Асланбек Шымбергенов те өзін қолдаған жанкүйерлер алғысын жаудырды.

Айта кетейік, боксшы 28 шілдеде өткен алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зейяд Ишаиштан жеңіліс тапқан болатын. Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Брифингтер / Жаңалықтар / ӨКҚ / РСК (@okq_zhambyl)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар