Бокстан ӘЧ: Тағы 2 қазақстандық жас боксшы чемпион болды

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы күнінде ел құрамасынан ұлдар арасында Бексұлтан Боранбек (51 келі) пен Өнер Сейілхан (71 келі) шаршы алаңға шықты.

Финалда Бексұлтан Джастин Мореноны (Колумбия) 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Дүниежүзілік додада бұған дейін Бексұлтан Зимбабве, Молдова, Ресей, Иран боксшыларынан қапы қалдырған еді. Сондай-ақ жеңісті жолды Өнер Сейілхан (71 келі) да жалғастырды. Ақтық сында ол ресейлік Алексей Гуковты 5:0 есебімен жеңді.

Біріншілік барысында Өнер Беларусь (5:0), Пәкістан (5:0), Албания (5:0) және Өзбекстан (4:1) боксшыларынан басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (67 келі) мен Санжарәлі Бегалиев (75 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Елянұр Тұрғанова бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына төртінші алтынды салды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *