Бокстан Қазақстан құрамасы Парижге аттанды

Бокстан Қазақстан құрамасы Парижге аттанды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта: он олимпиадалық үміт, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері”, – делінген ҚБФ хабарламасында.

25 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні қазақстандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады.

Қазақстанның ерлер құрамасында жеті боксшы Олимпиадаға жолдама алды: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Коңқабаев (92 кг жоғары).

Ал әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай (50 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (75 кг) өнер көрсетеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар