Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) мен Жаңа Зеландия боксшысы, міндетті үміткер Андрей Михайловичтің (21-0, 13 KO) жекпе-жектен алатын сыйақысы белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Sportysalaries.com мәліметінше, Әлімханұлы бұл жекпе-жектен 350 мың доллар алады (167 миллион теңге). Ал Михайловичке 200 мың доллар беріледі.
Одан бөлек боксшылар жарнамалық бонустар мен демеушілер төлемінен де пайда көреді.
Еске салайық, Әлімханұлы – Михайлович жекпе-жегі 14 шілдеде таңда Лас-Вегастағы Palms Casino Resort аренасында өтеді. Олар Әлімханұлына тиесілі WBO және IBF белбеулерін сарапқа салады.
82