Черчесов қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Ол қазақ тілін толық меңгермесе де, кейбір сөздерін жаттап алғанын айтты.

“Қазақстан – үлкен ел, намысты ел, өз ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктерге үйренісіп жатырмын. Күнделікті өмірге қажет кейбір сөздерді жаттап алдым. Әлі де үйрене беремін, тілді толық меңгеріп алмайтыным түсінікті. Қажет сөздерді білуім керек”, – деді Черчеов “Россия 24” телеарнасының эфирінде.

Маусымның соңында Қазақстан футболында тілге қатысты дау болған еді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналист Нұрсұлтан Құрманмен сөзге келіп қалған.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *