Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралады

All Stars Boxing компаниясының баспасөз қызметі танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

“Қазақстандық боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде қолғап түйістіреді”, – деп хабарлады компаниядан.

Турнир 28 қыркүйекте Алматыдағы «Алматы Аренада» өтеді.

Еске сала кетейік, Елеусінов кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада аргентиналық Хуан Эрнан Леалға қарсы өткізіп, төрешілер бірауыздан Даниярға басымдық беріп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *