Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов жарыстан шеттетілді

Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының жартылай финалдық кезеңіне жолдама ала алмады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының жұбаныш кезеңінде фальстарт (уақытынан бұрын бастап кету) жасап, жарыстан шеттетілді. Жартылай финалға топта үздік нәтиже көрсеткен 2 спортшы өтеді.

Қазақстандық спортшы Давид Ефремов алғашқы іріктеу кезеңінде 13,88 секундта мәре сызығын кесіп, өз тобында жетінші орын алған еді.

Еске салайық, бүгін Олимпиадада боксшы Назым Қызайбай финалға шығуға тырысады. Әлем чемпионы Нора Джерута финалда бақ сынайды. Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев жарыс жолына шығады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар