Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Грек-рим күресінен қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

77 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Жадыраев финалда жапониялық 2024 жылғы Азия чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Нао Кусакамен кездесті. Алтын медальді сарапқа салынған жекпе-жекте, өкінішке қарай, Жадыраев жеңіліп қалды – 2:5.

Осылайша, қазақстандық балуан Олимпиадада күміс медаль алды.

Айта кетейік, Жадыраев бұған дейін 1/8 финалда колумбиялық Хаир Алексис Куэро Муньосты сенімді жеңген болатын. Ал ширек финалда сенсация жасап, екі дүркін әлем чемпионы қырғызстандық Ақжол Махмудовтан айласын асырған еді. Жартылай финалда Демеу әлемнің екі дүркін вице-чемпионы әзербайжандық Санан Сулеймановтен басым түскен еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *