Демирал дауы. Ердоған мәлімдеме жасады

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған УЕФА Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демиралды жазалау туралы ақпараттан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Еске салайық, футболшы Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы Австрия құрамасына қарсы кездесуде тыйым салынған ишарат жасағаны үшін екі матчқа шеттетілген болатын.

«Біздің Сыртқы істер министрлігіміз Германия шенеуніктерін министрлікке шақырды. Қазіргі уақытта қажетті шаралар қабылданып жатыр», – деп келтіреді Ердоғанның сөзін түрік журналисі Ягыз Сабунчуоглу.

Айта кетейік, оқиға Еуро-2024 1/8 финалындағы Австрия мен Түркия құрамалары арасындағы ойын кезінде болған. Бұл матчта Демирал дубль жасаған. Голды тойлау кезінде футболшы түрік ұлтшылдарының ишаратын жасаған болатын.

Дауға ұласты. Ердоған түрік футболшысын қолдау үшін Германияға бармақ

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар