Депутат Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады

Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға депутат Айдарбек Ходжаназаров көлік сыйлады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спортшыға темір тұлпар табысталған сәтті Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров та әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын», — деп жазды Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіге.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айдарбек Ходжаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтқан болатын.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп — Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл — тектіліктің белгісі. Бұл — үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек», — деп жазған еді Ходжаназаров.

Айта кетейік, 2024 жылғы Жазғы олимпиада ойындарының жабылу салтанаты тамыздың 11-інен 12-сіне қараған түні, Астана уақытымен сағат 00.00-де басталады. Ал Jibek Joly арнасы әзірлеген тікелей эфир сағат 22.30-да басталады.

Телеарна студиясына Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, Париж олимпиадасының қатысушысы, дзюдошы Әбиба Әбужақынова, Атлант Олимпиадасының чемпионы, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко шақырылып отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айдарбек Ходжаназаров (@a1darbek)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *