Димаш Құдайбергеннің композициясы Париж төрінде әуеледі

Франция астасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Болгарияның көркем гимнастика спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің “SOS d’un terrien en détresse”  композициясына өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нәтижесінде Димаштың әнінде өнер көрсеткен гимнаст Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Димаш есімі әлемге дәл осы ән арқылы танылған болатын. Ол 2017 жылы Қытайдағы “I’m a singer” жобасына қатысып, “SOS d’un terrien en détresse” әнін француз тілінде шырқаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 35-орында тұр. Олимпиада ойындары 11 тамыз күні мәресіне жетеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Kudaibergen CZECH FANS ?? (@dimash.kudaibergen_czech.fans)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *