Дубль жасап қоштасты. Өміртаев еуропалық клубтан кетті

25 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев беларусьтік “Слуцк” сапынан кетті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бұл жайында клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

Өміртаев беларусьтік клуб сапында осы маусымда 13 матч өткізіп, 4 гол соқты және бір гол пасын шығарып берді. 7 шілдеде ғана ол Беларусь чемпионатының 15-турында “Нафтан” қақпасына дубль жасаған еді.

Өміртаев Қазақстанда “Шахтер”, “Тобыл”, “Ақжайық” және “Атырау” сапында өнер көрсетті.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *