Египет балуаны Парижде ұсталды. Оған зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды

Парижде Египеттің күрестен олимпиадалық құрамасының мүшесі қамауға алынды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Le Parisien ақпараты бойынша, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы ұсталған. Полиция алкоголь ішкен балуанды қамады. Оның қалада кафеден шығып бара жатқанда әйелдің жамбасына қолын қойғаны хабарланды. Париж прокуратурасы сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысты тергеуді бастап кетті.

Бұл оқиға 2024 жылғы Олимпиада барысында болған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін, 31 шілдеде, хорват дзюдошысы Барбара Матичтің әкесі Олимпиада ойындарының еріктісіне сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталып, қамауға алынған болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *