Қостанайлық “Тобыл” еурокубокпен қоштасты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Тобыл” Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында швейцариялық “Санкт-Галленді” қабылдады. Бірінші матчта швейцариялықтар 4:1 есебімен жеңген еді.
Қостанайдағы матч та қонақтардың пайдасына аяқталды. 73-минутта Мустафа Сиссе ойындағы жалғыз голды соқты. Ойынды “Тобыл” тоғыз футболшымен аяқтады. 68-минутта Эдедем Эссьен мен 90-минутта Бейбіт Ғалым қызыл қағаз алды.
Осылайша екі матч қорытындысы бойынша “Тобыл” 1:5 есебімен жеңіліп, еурокубоктармен қоштасты.
23