Елдос Сметов алғашқы бапкеріне көлік мінгізді

2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов өзінің алғашқы бапкеріне жаңа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бейсенбіде Олимпиада чемпионы туған жері Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданына барды. Оны тұрғындар ыстық ықыласпен және құрметпен қарсы алды. Оған аудан әкімі жаңа HAVAL автокөлігін сыйға тартты.

Жергілікті тұрғындардың алдында сөз сөйлеген Сметов бұл автокөлікті өзінің алғашқы бапкері, зейнетке шыққанымен, әлі де балаларды жаттықтырып жүрген Ахмет Жұмағұлға сыйлады.

“Міне, нағыз Олимпиада чемпионы. Олимпиада чемпионын баптаған кісі. Алғысымды айтамын, бұл кісіге не берсек те, қандай көлік мінгізсек те, аздық етеді”, – деп айтты Сметов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тараз Жиырма Төрт (@taraz24tv)

Айта кетейік, бұған дейін Сметовке екі автокөлік сыйға берілген болатын – бірі Алматыда, екіншісі Таразда.

Сонымен қатар, Таразда оған бес бөлмелі пәтер мен 2,6 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табыс етілді.

Оның бапкеріне Hyundai Santa Fe және екі бөлмелі пәтер берілді. Сыйлықтар Тараздағы “Орталық” стадионда тапсырылған еді.

Сондай-ақ, ол алтын медалі үшін 250 мың доллар (шамамен 120 миллион теңге) алады..

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *