Париж олимпиадасының чемпионы дзюдошы Елдос Сметов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірге Франция басшысымен кездесті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Қазақстандық спортшылар Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында арнайы шараларға қатысты.
Мемлекеттік қабылдауға Францияның үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылған.
Оның ішінде қазақстандық спортшылар бар. Іс-шараға Елдос Сметовтен бөлек, Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяров және Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров бар.
23