Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарында өнер көрсетпеуі мүмкін, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бұл туралы Twitter-де канадалық журналист Джон Хорн жазды. Бірақ қазақстандық спортшының бас тартуы туралы әзірге ресми мәлімет жоқ. Хорн Рыбакинаның орнына аустралиялық теннисші Дарья Сэвилл өнер көрсететінін айтты.
Еске салайық, Рыбакина Олимпиаданың бірінші айналымында Жаклин Кристианмен кездесуі керек еді. Сонымен қатар ол отандасы Александр Бубликпен аралас жұпта өнер көрсетуі керек болған.
5