Елена Рыбакина WTA рейтингінде тағы төмендеді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2024 жылдың 11 қарашасында әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина жаңа рейтингте бір позицияға түсіп, енді алтыншы орында тұр. Ал, әлемнің бесінші ракеткасы ретінде Чжэн Цинвэн (Қытай) танылды. Қытайлық спортшы жақсы көрсеткіштерінің арқасында бірден екі сатыға көтерілді.

Сондай-ақ, еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 29-орында орналасқан.

11 қарашадағы WTA рейтингі: 

1. Арина Соболенко (Беларусь) – 9416 ұпай.

2. Ига Швентек (Польша) – 8370.

3. Коко Гауфф (АҚШ) – 6530.

4. Жасмин Паолини (Италия) – 5344.

5 (+2). Чжэн Цинвэн (Қытай) — 5340.

6 (-1). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5171.

7 (-1). Джессика Пегула (АҚШ) — 4705

8. Эмма Наварро (АҚШ) — 3589.

9. Дарья Касаткина (Ресей) — 3368.

10 (+3). Барбора Крейчикова (Чехия) — 3214…

29. Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1844.

328 (-4). Жібек Құламбаева (Қазақстан) — 191.

383 (-2). Зарина Дияс (Қазақстан) – 159.

633 (+6). Соня Жиенбаева (Қазақстан) — 61.

895 (-10). Анна Данилина (Қазақстан) – 26.

904 (-8). Сандуғаш Кенжебаева (Қазақстан) – 26.

942 (+40). Аружан Сағандықова (Қазақстан) – 23.

1075 (-6). Гозал Айнитдинова (Қазақстан) – 15.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *