Қазақстандағы танымал бокс компаниясы Suleimen Promotions жабылды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бұл жайында компания өз Instagram-парақшасында хабарлады.
“Біз үлкен өкінішпен 2018 жылы құрылған «Suleimen Promotions» компаниясының жорығы осы жерден аяқталғанын хабарлаймыз. Соңғы 6 жыл бойы біз отандық кәсіпқой боксты дамыту тұрғысында абыроймен қызмет еттік. Талантты жастарды қолдап, олардың шыңдала түсуіне жағдай жасадық”, – делінген хабарламада.
Бірақ хабарламада компания неге жабылып жатқаны айтылмаған.
Айта кетейік, Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы Айдос Ербосынұлы, Евгений Павлов, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бек Нұрмағанбет және Данила Семенов секілді қазақстандық боксшылармен жұмыс істеген еді.
5
One Response
Your point of view caught my eye and was very interesting. Thanks. I have a question for you.