Еуро-2024. Жанкүйерлер Испания – Германия матчын қайта ойнауды талап етіп жатыр

Жанкүйерлер Еуро-2024 1/4 финалындағы Испания мен Германия құрамалары арасындағы матчты қайта ойнауды талап етіп, петицияға қол жинап жатыр, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Sky Sports мәліметінше, 300 мың жанкүйер бас төреші Энтони Тэйлордың көптеген қате шешімі немістердің жеңіліп қалуына әкелді деген петицияға қол қойып жатыр. Оның ішінде Джамал Мусиаланың соққысынан кейін доп Марк Кукурельяның қолына тигені де бар.

Еске салайық, Испания құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында турнир қожайындарын 2:1 есебімен жеңген болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *