Еуро-2024: үздік футболшылар құрамы жарияланды

УЕФА 2024 жылғы Еуропа чемпионатының үздік ойыншыларынан символикалық құрам жариялады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бұл құрам УЕФА бақылаушылар сараптамасы бойынша жасалған. Мұнда футболшылардың жекелей ойыны мен командаға тигізген әсері есепке алынды.

Қақпашы: Мик Меньян (Франция);

Қорғаушылар: Кайл Уолкер (Англия), Вильям Салиба (Франция), Мануэль Аканджи (Швейцария), Марк Кукурелья (Испания);

Жартылай қорғаушылар: Родри, Даниэль Ольмо, Фабиан Руис (бәрі де – Испания);

Шабуылшылар: Ламин Ямаль, Нико Уильямс (екеуі де – Испания), Джамал Мусиала (Германия).

Еске салайық, Еуро-2024 турнирінің жеңімпазы Испания құрамасы болған еді. Олар финалда Англияны 2:1 есебімен жеңген болатын.

Еуро-2024: фанаттардың көңілін қалдырған футболшылар құрамы жасалды

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *