Фанаттар матч алдында атыс шығарды

“Панатинаикос” стадионының маңында футбол фанаттары атыс шығарды. Үш адам жарақат алып, 70-тен аса жанкүйер қамалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Ertnews.gr ақпараты бойынша, қақтығыс кезінде 38 жастағы фанаттың сол аяғына оқ тиген. Ауруханаға жеткізілген адамдардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция 72 адамды ұстаған. Қазір оқиға орнында тінту жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл оқиға “Панатинаикос” пен кипрлік АЕК арасындағы жолдастық матч алдында болған. Кездесуде грекиялық команда 3:1 есебімен жеңді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

2 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар