Фото: Елдос Сметов пен дзюдошылар елге оралды

Қазақстандық жанкүйерлер Алматы қаласының әуежайында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдодан Қазақстан құрамасын күтіп алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Парижде өткен XXXIIІ Олимпиада ойындарына қатысқан дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының алғашқы легі елге оралады. Оның ішінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола медаль иегері Ғұсман Қырғызбаев та бар. Оларды қарсы алуға ата-анасы, достары, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері келді.

Елдостың ата-анасы баласының жеңіске жететініне әуелден сенімді болғанын айтады. Олимпиада чемпионы үйден кеткенде қола бар, күмісті де алдым, енді алтын керек деген екен.

“Кішкентайынан бауырларымен спорт залға өз аяғымен барған еді. Баламның алтын әкелетініне сенімді болдық. Тіпті сол үшін үйді жаңартып, жөндеулер де жасап қойдық. Маған ол “Әке, алтын алам” деп сенімді айтқан”, – дейді чемпионның әкесі Бақтыбай Сметов.

Ғұсман Қырғызбаев та алғашқы әсерін бөлісіп, қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты.

“Толқып тұрмын. Керемет күтіп алып жатыр. Қазақ еліне алла разы болсын, өте қуаныштымын. Орын алғанда қандай сезімде екенім білінбеп еді. Алматыға ұшып келгенде ғана білініп жатыр. Қола медальдың өзі қазақ елі үшін үлкен мақтаныш екеніне көзім жетті”, – деді Ғұсман Қырғызбаев.

Париж Олимпиадасының қос жүлдегерінен кейін Алматы әуежайына ұлттық құраманың басқа мүшелері де келді. Олардың ішінде дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Сүлейменов Нұрбол және Әбиба Әбужақынова сияқты спортшылар бар.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *