Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль үшін белдесу өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
66 келіге дейінгі салмақта Қырғызбаев сербиялық дзюшы Страхинья Бунчичты жеңіп, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Еске салайық, Ғұсман жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимамен күш сынасты. Лима 24 жаста, 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Биыл Панамерика чемпионатын жеңіп алған.
Бұл белдесуде Қырғызбаев қарсыласына жол беріп, Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады.
Қырғызбаев бұған дейін испаниялық Давид Гарсия Торнені жеңген, 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Ан Ба Ульден басым түскен болатын. Ал ширек финалда франциялық Валид Хярды иппон әдісімен жеңген еді.
20