Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
66 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Қырғызбаев франциялық Валид Хярмен белдесті. Хяр – 2016 жылғы Еуропа чемпионы, былтыр әлем мен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.
Қырғызбаев турнир қожайынын иппон әдісімен жеңді.
Қырғызбаев бұған дейін испаниялық Давид Гарсия Торнені жеңген, 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Ан Ба Ульден басым түскен болатын.
Олимпиада кестесі: 28 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?
Париж Олимпиадасы: 28 шілдедегі нәтиже. LIVE
6
One Response