Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы ойында біздің хоккейшілер Оңтүстік Кореяға қарсы ойнады.

Бұл кездесуге дейін екі құрама да Қытай мен Жапонияға есе жіберген еді.

Негізгі уақыт 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы буллиттер сериясында жеңіске жетіп, чемпионатты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Қытай және Жапония қүрамалары бірінші орынды сарапқа салатын болады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар