Чемпиондар лигасының сәрсенбідегі матчтарында “Интер” – “Арсенал” кездесуін ерекше атауға болады. Микель Артета шәкірттері соңғы кездердегі сәтсіз нәтижелерді жуып-шаюға тырысады. Ал миландық клуб, керісінше, соңғы ойындарда бабында. “Екінші Тайм” арнасы алдағы кездесуге болжам ұсынады.
“Интер”
“Нерадзурри” қатарынан сегіз матч бойы жеңілмей келе жатыр. Оның жетеуінде жеңіске жетті, тек “Ювентуспен” 4:4 ойнады. 11-турдан кейін команда А Сериясында екінші орында тұр, көш басындағы “Наполиден” бір ғана ұпайға артта.
Ал Чемпиондар лигасында “Интер” әлі жеңілмеді. Симоне Индзаги шәкірттері “Манчестер Ситимен” тең түсті – 0:0. Артынша “нерадзурри” “Црвена Звезда” (4:0) мен “Янг Бойздан” (1:0) айласын асырды. Алғашқы үш матчында “Интер” гол жіберген жоқ.
Айта кетейік, осы маусымда “Интер” өз алаңында бәр мәрте ғана жеңілді, Милан дербиінде есе жіберген еді.
“Арсенал”
“Зеңбірекшілер” соңғы уақытта білгенінен жаңылып жүр. Команда АПЛ-да жиі ұпай жоғалтты. Соңғы үш турда бар болғаны бір ұпай еншілеп, турнир кестесінде бесінші орынға түсіп қалды.
“Арсенал” Чемпиондар лигасында жақсырақ ойнап жүр. Олар да әлі турнирде гол өткізген жоқ және жеті ұпай еншіледі. ПСЖ (2:0) және “Шахтерді” (1:0) жеңді. Сондай-ақ “Аталантамен” (0:0) тең тарқасты.
Өзара матчтар
Командалар бір-бірімен үш рет қана кездесті. Оның өзі 2003 пен 2007 жылдар арасында. Екі рет “Арсенал” басым түссе, бір ойында “Интер” жеңіске жетті.
Болжам
Бұл матчта “Интерде” алаң иелері болғандықтан басымдық бар. Симоне Индзаги шәкірттері команда ретінде мықтырақ ойнап жүр, ал “Арсенал” әлі жарақаттармен алысып жатыр. Бұл матчқа капитан Мартин Эдегор қатыса алмайды. Сондықтан “Интер” форасын (0) таңдауға болады. Оған 1.84 коэффициент ұсынылған.
Ойында гол көп соғыла қоймауы мүмкін. Прагматикалық футбол көруіміз әбден мүмкін. Матч тоталы 2,5-нан аз болады бәсі де дұрыс шешім секілді көрінеді – 1.74 коэффициент.