Испания – Франция: финалға кім шығады? Болжам

Еуропа чемпионатының жартылай финалы аясында Испания мен Франция құрамалары кездеседі. Көп жанкүйер бұл ойынды финалға дейінгі гранд-финал деп атап кеткен. Осы матчтың жеңімпазы Еуроны жеңіп алады деп санайды. “Екінші Тайм” Испания – Франция матчына болжам ұсынады.

Матч бүгін түнде, 10 шілдеге қараған түні 00:00-де басталады. Ойын Мюнхендегі “Альянц-Аренада” өтеді. Кездесуді QazSport пен Qazaqstan телеарналары көрсетеді.

Испания

Испания ширек финалда Германияны жеңді. Ойынның 119-минутында Микель Мерино жеңіс сыйлады. Бұл ойында дау көп болды. Педридің жарақат алуы, Тони Кроосқа ескерту көрсетілмеуі және ең үлкені төрешінің Марк Кукурельяның қолына доп тигеннен кейін пенальти бермеуі. Бірақ УЕФА төрешіні жақтап, ондай жағдайда пенальти жоғын айтты.

Қалай дегенде де, Испания жартылай финалға жолдама алды. Алда – француздар. Испания футболшылары жартылай финалға турнирдің басты фавориті ретінде келіп отыр. Италия мен Хорватия бар топта бірінші орын алып, 1/8 финалда грузиндерді ірі есеппен жеңген еді.

Бірақ Францияға қарсы матч алдында испандардың құрамында қиындықтар бар. Педри жарақатына байланысты бұл турнирде енді ойнамайтыны хабарланып жатыр. Дани Карвахаль қызыл қағаз алып кеткен. Робен Ле Норман да бұл ойынға қатыспайды. Негізгі құрамнан бірден үш футболшы ойнамайды.

Франция

Француздар ширек финалда Криштиану Роналду бастаған Португалияны еліне қайтарды. Негізгі және қосымша уақытта есеп ашылмай, пенальти сериясында басым түсті. Француздар көбірек соққы жасағанымен, допты сирек ұстады. xG көрсеткіші бойынша да португалиялықтар алда болды.

Францияның қазіргі басты проблемасы – гол соғу. Команда жартылай финалға шықса да, ойыннан әлі гол салмады. Турнирде жалпы үш голы бар – екеуі автогол, біреуі пенальтиден. Бірақ француздардың Еуродағы жолы қиын болып жатыр. Топта азулы Нидерланд пен Австрия болды. Плэй-офф кезеңінде Бельгия мен Португалияны жеңді.

Бәлкім содан да болар, Дидье Дешам прогматикалық футбол көрсетіп, қорғанысқа көбірек көңіл бөліп жүр.

Бірақ Мбаппеге маскасы сәл кедергі келтіріп жүр демесек, құрам бойынша басқа проблема жоқ.

Өзара матчтар

Испания мен Франция соңғы рет 2021 жылы Ұлттар лигасының финалында кездескен. Француздар 2:1 есебімен жеңген болатын. Сол кезде гол соққан үш футболшының екеуі қазір Еурода ойнап жүр – испандардан Микель Оярсабаль, француздардан Кәрім Бензема мен Килиан Мбаппе гол салған еді.

Ресми матчтарда бұл құрамалардың жолы жиі түйісе бермейді. 2012 жылғы Еурода Испания Францияны ширек финалда жеңген болатын. Осы маусымның үздік бапкері Хаби Алонсо дубль жасаған.

Одан кейін 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде “қызыл фурия” бір мәрте жеңіп, бір ре тең түскен.

Болжам қандай?

Бұл болжам жасау өте қиын матч. Негізі, “қызыл фурияның” мүмкіндігі сәл көбірек сияқты. Бірақ қорғаныста Карвахаль мен Ле Норманның болмауы испандардың жағдайын қиындатып тұр. Ортада Педри де жетіспейді. Нақты бір команданың жеңісін таңдау қиындау. Бірақ бұл ойында да гол көп соғыла қоймас. Сондықтан менің болжамым матч тоталы 2-ден кем. Бұған 1.86 коэффицент берілген. Сәл сақтанамын десеңіз, 1.56 коэффицентке 2,5 кем тоталды алуға болады.

Қауіптірек тағы бір болжам бар. Бұл негізгі уақыт тең аяқталады. Еуроның өзі бізді овертаймға үйретіп қойды. Сондықтан дәл осы матчта экстра-таймдар көруіміз мүмкін. Бұл – 2.94 коэффицент.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

  1. Уведомление: Page not found - Екінші Тайм

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *