Испания – Германия: кім жеңеді? Болжам

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалы басталады. Алғашқы матч өте тартысты болайын деп тұр. Испания мен Германия құрамалары күш сынасады. Бұл турнирде әлі жеңілмеген екі құрама өзара кім мықтыны анықтайды. “Екінші Тайм” сайты матчқа болжам ұсынады.

Ойын 5 шілдеде Гамбургтегі «Мерседес-Бенц Аренада» өтеді. Испания – Германия матчын QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Испания

Испандар топтық кезеңді 100 пайыздық көрсеткішпен өтіп шықты. Үш ойында да жеңген жалғыз құрама. Тіпті, гол да жібермеді. Ал 1/8 финалда Хвича бастаған грузиндерді тас-талқан етті – 4:1. Бұл кездесуде испан ойыншылары бір матчта жасаған соққы саны бойынша рекорд орнатты – Грузия қақпасын 35 рет нысанаға алған.

Испания құрамасының қос қанаты бұл турнирде атой салып жүр. Сол жақта Нико Уильямс, оң жақта Ламин Ямаль. Екі жас ойыншы неміс қорғанысын біраз мазалауы мүмкін.

Германияға қарсы матчта Де Ла Фуэнтенің философиясы өзгере қоймас. Ортада доп ұстай алатын футболшы көп, ал қапталдағы ойыншылары әрі жылдам, әрі техникасы зор. Испания шабуылдаушы ойын көрсетуі керек.

“Қызыл фурия” барлық турнирдегі соңғы 16 матчының біреуінде ғана жеңілді. Оның өзі биыл наурызда Колумбияға (0:1) қарсы өткен жолдастық матч.

Германия

Германия өз еліндегі ЕУРО-да қонақжайлық көрсетіп жатқан жоқ. А тобында бірінші орын алғаны таңғалдырмады. Бірақ топтағы қарсыластары оңай болған соң көбі “бундестимтің” әуселесі плэй-офф кезеңінде білінеді деген. Ал 1/8 финалда Данияны 2:0 есебімен жеңіп алды. Нагельсманның командасы қазір ЕУРО фавориттерінің қатарында. Құрам трофейге аш жастармен, көпті көрген “кәрі қасқырлармен” жасақталған. Тәжірибесі жеткілікті Тони Кроос пас беру бойынша бірнеше рекорд қойып тастады, жас дарын Мусиала үш гол тоғытып үлгерді.

Неміс ойыншылары контр-прессинг, қарымта шабуыл дегенді жақсы көреді. Бүкіл қорғанысты қиып түсетін Кроосы бар. Алда іліп әкететін Мусиала мен Хаверцтер бар.

Германия қазір қатарынан сегіз матч бойы жеңілмей келе жатыр.

Өзара текетірес

Испания мен Германияның ЕУРО-дағы текетіресі десек 2008 жылғы финал еске түседі. Ол кезде испандар 1:0 есебімен жеңген болатын.

Кейінгі матчы 2022 жылы Қатардағы әлем чемпионатында өтті. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Германиядан Никлас Фуллкруг, Испаниядан Альваро Мората гол соқты. Екеуі де биыл құрамда бар.

Бұл командалар 2018 жылы Ұлттар лигасында екі рет кездескен еді. Біреуінде Испания 6:0 есебімен жеңген – бұл Германия тарихындағы ең ірі жеңіліс болып тіркелді.

Болжам қандай?

Бұл гол соққыш екі команданың матчы болмақ. Испандарда Ямаль, Мората, Уильямс бар, оларға қарсы Мусиала, Хаверц, Вирц шығады. Мұндай құраммен қалай гол соғылмайды? Сондықтан “екеуі де гол соғады” деген ең дұрыс таңдау секілді көрініп отыр – 1.7 коэффициент.

Сәл тәуекелге барып көргіңіз келсе, негізгі уақыт тең аяқталады деңіз. Ширек финалдың алғашқы матчында овертайм көріп қалуымыз ықтимал. Бұған 3,25 коэффициентұсынылып отыр.

Ал өз болжамыңызды пікірге қалдыруға болады…

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар