Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге екінші айналымда америкалықтар Кэролайн Доулхайд – Дезире Кравчикпен кортқа шығуы тиіс еді.

Әйтсе де америкалық жұп матчқа келмей қалды да, Путинцева –Фернандес ойнамастан ширек финалға жолдама алды.

Юлия Путинцева – Лейла Фернандес жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, чехиялық Катерина Синякова – америкалық Тэйлор Таунсендпен таласады.

Ю.Путинцеваның жекелей сында испаниялық Паула Бадосамен ойыны да бүгінгі күнге белгіленген.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 121-ракеткасы, 36 жастағы Михаил Кукушкин Кэри (АҚШ) челленджер додасының жартылай финалына шыға алмады. Ол ширек финалда әлемнің 113-ракеткасы, италиялық Маттиа Белуччиға есе жіберді – 1:6, 3:6.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *