Қазақстандық балуан Юсуп Батырмұрзаев Париж Олимпиадасының еркін күрестен жарысында бірден жеңілді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
125 келіге дейігі салмақта Батырмұрзаевтың қарсыласы польшалық Роберт Баранмен белдесті. 1/8 финал жекпе-жегінде қазақстандық балуан жеңіліп қалды – 1:4.
Енді поляк балуаны финалға жетсе, Батырмұрзаев қола медальға таласуға мүмкіндік алады.
Еске салайық, еркін күрестегі қазақстандық балуандар бұған дейін Мейрамбек Қартбай мен Азамат Дәулетбеков те алғашқы қарсыластарынан жеңілген болатын.
24