Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (13-0, 12 КО) ұзақ үзілістен кейін АҚШ-та рингке оралады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
BoxRec.com ақпаратына сәйкес, жеңіліп көрмеген Дычконың келесі жекпе-жегі 21 тамызда Плант-Ситиде (АҚШ) ProBox шоуының аясында өтеді. Иванның қарсыласы америкалық Крейг Льюис (15-7-1, 8 КО) болады. Кездесу сегіз раундқа есептелген.
Иван жек 2023 жылдың маусымынан бері жепе-жек өткізбеген еді, сол кезде ол Буэнос-Айресте аргентиналық Ариэль Эстебан Бракамонтені (13-11-7 КО) нокаутқа түсіріп, WBA Fedecaribe титулын жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, Дычко АҚШ-та соңғы рет 2019 жылдың шілдесінде жұдырықтасқан.
5