Жақсы таныс. Самородовқа үміткер жаңа клуб пайда болды

Футболдан Қазақстан құрамасы мен “Ақтөбенің” шабуылшысы Максим Самородов ресейлік “Ахматтың” көзіне түсті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Инсайды от Карпа телеграм-арнасының ақпараты бойынша, 22 жастағы ойыншыны “Ахматтың” бас бапкері Магомед Адиев сатып алуды сұраған. Грозный ұжым “Ақтөбемен” келіссөз бастап кеткені хабарланды.

Самородов “Ақтөбе” сапында 2019 жылдан бері ойнайды. Осы маусымда “ақ-қызылдар” сапында барлық турнирде 17 матчқа қатысып, 8 гол соқты, 4 нәтижелі пас авторы атанды.

Қазақстан құрамасы сапында 2021 жылы дебютін өткізген. Бүгінде 17 матчта үш голдың авторы атанды. Самородовтың ойыны Адиевке жақсы таныс. Себебі ресейлік маман биыл мамыр айына дейін Қазақстан құрамасын екі жыл жаттықтырған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *