“Жатыры жоқ”. Париж Олимпиадасының чемпионы ер адам болып шықты

Француз журналисі Жафар Айт Аудиа Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарында қызу талқыға түскен алжирлік боксшы Иман Хелиф туралы медициналық қорытындыны әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Журналиске түскен құжатта спортшының физиологиялық ерекшеліктері егжей-тегжейлі сипатталған. Атап айтқанда, оның ішкі аталық бездері бары және жатыры жоғы көрсетілген. Сонымен қатар, Хелифке МРТ жасалғаннан кейін, онда ер адамның жыныс мүшесі бары анықталған. Осылайша, автор Иман Хелифтің биологиялық тұрғыдан ер адам екенін тұжырымдайды.

Еске салсақ, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында Иман Хелиф 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алған еді, сол кезде қарсыластарынан қарсылық көрмеген болатын.

Кейбір қарсыластары “ер адаммен жұдырықтастық” деп ашық айтқан болатын. Турнирге дейін Хелифті трансгендер деп санаған, өйткені былтыр гендерлік сәйкессіздік пен тестостерон деңгейінің шамадан тыс жоғары болуы себепті ол әлем чемпионатындағы медалінен айырылып, жарыстардан шеттетілген, бірақ Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат етілген еді.

Гендерлік сынақтан өте алмаған боксшы IBA-ны сынға алды

Трансгендер ме? Боксшы Иман Хелифтің дауына нүкте қойылды

Трансгендер деп айыпталған боксшы Иман Хелиф Олимпиада чемпионы атанды

Иман Хелиф өзін “еркек” деп жазған Дональд Трамп пен Илон Маскты сотқа берді

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *