Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та дебюттік жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) 31 тамызда Hollywood Fight Nights шоу сериясы аясында АҚШ-та дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Садриддиннің қарсыласы америкалық Антонио Тодд (17-10, 9 КО) болады.

«Әуесқойлар арасында 200-ден астам жеңіске жеткен Садриддин Ахмедов Антонио Тоддпен кездеседі», – делінген промоушеннің хабарламасында.

Еске салайық, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы желтоқсанда оңтүстікафрикалық Нкулулеко Мхлонгоға (23-12-1, 18 КО) қарсы өткізіп, оны нокаутпен жеңген болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 360 Promotions (@360boxingpromotions)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *