Спортшылар Париждегі олимпиадалық қалашықта тамақ жетпей жатқанын айтып шағым жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
L’Equipe ақпараты бойынша, ұйымдастырушылар кейбір өнім бәріне жетуі үшін оны үнемдеуге көшкен. Мысалы, спортшылардың айтуынша, жұмыртқа жетпейді және бітіп қалған кейбір тағам дер кезінде толтырылмайды.
Қалашықта жұмыс істеп жатқан Sodexo Live мейрамханасы бұл проблема бойынша жұмыс істеп жатқанын мойындады.
Спортшыларға 600 тонна өнім әкелуге жауапты Carrefour компаниясы да тағам жетіспей жатқанын растады.
10