Килиан Мбаппенің таныстырылымы: 100 мыңнан аса адам кезекте

16 шілдеде “Реал Мадрид”“Сантьяго Бернабеу” стадионында Килиан Мбаппені жанкүйерлерге ресми таныстырады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Madrid Xtra ақпараты бойынша, бұл іс-шараға барғысы келетін жанкүйер саны тым көп. Бүгінде жүз мыңнан аса адам билет алуға кезекте тұр. Билеттер тегін. Ал стадионға 85 мың жанкүйер сыяды.

Еске салайық, “Реал” Мбаппені 3 шілдеде ресми түрде қатарына қосқан. Шабуылшы еркін агент ретінде ауысқан болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар