Кирилл Герасименконың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименконың Париждегі жазғы Олимпиадада үстел теннисі турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Герасименко 1/32 финалда чилилік Николас Бургоспен кездеседі.

Одан өтсе, 1/16 финалда рейтингте 10-орында тұрған германиялық Дан Кьюмен күш сынасады. Кью командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Еуропа чемпионы атанған.

Олимпиадада үстел теннисінің додасы 27 шілдеде басталады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар