“Күмәнді”. Сабырханның Олимпиададағы мүмкіндігіне баға берілді

Ұлыбританиялық бокс шолушысы әрі бапкер Тейлор О’Хиггинс Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Махмұд Сабырханның Париж Олимпиадасындағы мүмкіндігі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Қазақ Ломаченкосы” 57 келіге дейінгі салмақта сынға түседі.

“57 келіге дейінгі салмақта Абдумалик Халоков Махмұд Сабырханмен бір қатарда фаворит саналады. Бірақ Сабырхан 57 келіде үздіктердің бірі саналмауы керек деп ойлаймын. Қазақ боксшысы бірінші олимпиадалық іріктеуде жолдама алды, Асрор Вохидовті жеңуі күмәнді болды. Ауырлау салмақтарда оның өнері сәтті болады дегенге күмәнмен қараймын”, — деді Тейлор Х желісінде.

Қазақстанның ерлер құрамасында жеті боксшы Олимпиадаға жолдама алды: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Коңқабаев (92 кг жоғары).

ВИДЕО: Бокстан Қазақстан құрамасы Парижге аттанды

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *