Қазақстанның ашық суда жүзу командасының өкілі Лев Черепанов Гонконгта өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық жүзуде үшінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Турнирде еліміздің намысын алты спортшы қорғап жатыр.
41