7 қарашаға қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының 4-тур матчтары өтті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Италиялық “Интер” өз алаңында лондондық “Арсеналды” 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 45+3-минутта Хакан Чалханоглу пенальтиден соқты. Турдың тағы бір орталық матчында ПСЖ өз алаңында “Атлетико Мадридке” 1:2 есебімен жол берді. Париждік команда сапында Уоррен Заир-Эмери (14-минут) гол соқса, кейін испаниялық команданың ойыншылары Науэль Молина (18) мен Анхель Корреа (90+3) голдың авторы атанды.
“Барселона” “Црвена Звездадан” 5:2 есебімен басым түсті. Каталониялық клуб сапында Роберт Левандовски (43, 53) дубль, Иниго Мартинес (13), Рафинья (55) және Фермин Лопес (76) бір голдан соқты. Ал “Црвена Звезда” сапында Силас (27) пен Милсон (84) голдың авторы атанды.
6 қарашадағы матчтардың нәтижелері:
“Црвена Звезда” (Сербия) – “Барселона” (Испания) – 2:5;
“Брюгге” (Бельгия) – “Астон Вилла” (Англия) – 1:0;
“Шахтер” (Украина) – “Янг Бойз” (Швейцария) – 2:1;
“Спарта” (Чехия) – “Брест” (Франция) – 1:2;
“Штутгарт” (Германия) – “Аталанта” (Италия) – 0:2;
“Интер” (Италия) – “Арсенал” (Англия) – 1:0;
ПСЖ (Франция) – “Атлетико” (Испания) – 1:2;
“Фейеноорд” (Нидерланды) – “Ред Булл Зальцбург” (Австрия) – 1:3;
“Бавария” (Германия) – “Бенфика” (Португалия) – 1:0.
Айта кетейік, 4-турдың қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының турнир кестесінде 12 ұпаймен “Ливерпуль” көш бастап тұр. 5-тур матчтары 26-27 қарашада өтеді.