Дзюдошы Абе Ута су тасқыны кезінде Қазақстанға көмектесті ме?

Париждегі Олимипада басталғалы бері әлеуметтік желілерде түрлі алып-қашпа әңгіме тарады. Соның бірі — “көктемдегі су тасқыны кезінде жапониялық дзюдошы Абе Ута қазақ еліне 100 мың доллар жіберген. Қазақ халхы Утаның жақсылығын ұмытпайық” деген мазмұндағы ақпарат. Factcheck.kz порталы деректің қаншалықты рас екенін тексеріп көрді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Абе Утаның әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ. “Қазақстан халқына” қоры су тасқынына байланысты жиналған қаржы туралы есебінде Ута Абе я болмаса жапониялық компаниялардан келген көмек туралы ақпарат табылмады. Қордың ресми өкілі Марат Мұхамедқалиев те Жапониядан және сол елдің азаматтарынан қаржы түспегенін хабарлады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр бұл ақпаратты жоққа шығарып, фейк екенін айтты”, – делінген хабарламада.

Жапониялық дзюдошы Ута Абе өзбекстандық Диёра Келдиёровадан жеңілген соң әлеуметтік желілерде бірнеше фейк ақпарат тарады. Соның бірі – Утаның анасы қайтыс болғаны туралы ақпарат. Factcheck.kz редакциясы оны да тексеріп, ақпараттың фейк екенін анықтады. Шын мәнінде Утаның анасы тірі және балаларын қолдауға келген суретін көруге болады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *