Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сабыханның 1/8 финалдағы қарсыласы испаниялық Хосе Кулес Бротос болды. Өкінішке қарай, Сабырхан бұл жекпе-жекте жеңіліп қалды. Төрешілер шешімімен келесі кезеңге испан боксшысы шығып кетті.
Енді Хосе Кулес ширек финалда өзбекстандық Абдумалик Халоқовпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 3 тамызда өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Париж Олимпиадасының ширек финалына қазақстандық Сәкен Бибосынов (51 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5), Нұрбек Оралбай (80 кг) мен Айбек Оралбай (92 кг) шыққан еді. Ал Асланбек Шымбергенов (71 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) үшін турнир аяқталды.
Олимпиада кестесі: 31 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?