Мария Дмитриенко стенд атудан Париж Олимпиадасының финалына шықты

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко  іріктеуден сәтті өтіп, финалға шықты, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дмитриенко “трап” бағдарламасында сынға түсіп, іріктеуден 4-орын алды. Ол жалпы есебі 73 ұпай жинаған. Финалға алғашқы 8 спортшы ғана жолдама алады.

Ал жарысқа жалпы есебі 30 спортшы қатысқан.

Іріктеу сынында 75 ұпаймен испаниялық Магрина Мар Молне көш бастап тұр. Екінші орында 74 ұпаймен тағы бір Испания спортшысы Фатима Галвес орналасқан.

Үшінші сатыда австралиялық Пенни Смит.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *